Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Городская поликлиника №6» управления здравоохранения акимата Западно-Казахстанской области
«Медицина слагается из науки и искусства, и над ними простирается чудесный покров героизма»
Гуго Глязер
ЮНИСЕФ разработал специальные методы для COVID-19, все они доступны на https://uni.cf/2UrfAYU
Call-center: 24-00-06

Благодарность

Салеметсіздерме! Мен бүгінгі медбикелер күнімен 6 емхана ұжымына жəне ОПО ұжымына алғыс білдіргелі жазып отырмын. Мен жақында үшемге жүкті болып дүниеге əкелдім. Сол жүктілік кезінде 6 емхана гиекологы Саримова Хансұлу Мұханбетқалиқызы, акушер Динара учаскелік дəрігер Бейсова Баян Ахаевна, медбике Эльмира, Хамария және күндізгі стационар бөлімінің медбикелері жылы көздерімен, тəтті сөздерімен дәрігерлік және медбикелік қызметтер көрсетіп, үнемі қолдау танытты . Осындай абзал жандардың арқасында жүктілік сəтті өтті деп ойлаймын. Сонымен қатар облыстық перинатальды орталық дəрігерлеріне және медбикелеріне де алғысым шексіз. Өз мамандығының шебері Ералин Есет Габитовичке əрі дəрігер əрі адамгершілігі мол азамат ретінде, сөзімен де,ісімен де емдеу білетін жан деп білемін. Сондай жандардың бірі Алтын Жардемовна, Каракулов Нұрғазы Сергазиевич, Жанна Ахметовна, балалар дəрігері Əсем Меңдаковна және медбикелер Гүлсара Мадениетовна, жас болсада адамның көңілін тауып, бар ықыласымен көмек қолын созатын Батканова Гүлнафис, сонымен қатар гинекология медбикелеріне, жаңа туылғандар патологиясының медбикелеріне т. б медбикелердің арқасында 1 ай жарым уақыт ем алып үшем сəбилеріммен отбасыма оралдым. Бүгінгі төл мерекеде абзал жандарға алғыс білдіре отырып, еңбектері еленіп, елдің алғысына бөленіп жүре беріңіздер демекпін. Отбасыларыңызға амандық, көңілдеріңізге шаттық ұялап, Алланың нұры жаусын сіздерге.

Блог директора

Шайхиев Жумабек Жадигерович

Рад приветствовать вас
в своем блоге!

Перейти в блог

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК